«Жүректен шыққан шексіз алғыс» атты дөңгелек үстел.
25 ақпан күні кең оқырмандар қауымына арналған «Жүректен шыққан шексіз алғыс» атты дөңгелек үстел өтті. Алғыс айту күніне орай қатысушылар мерекенің тарихын еске алып, қазақ халқының қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарға көрсеткен көмегі мен қолдауы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар бірлік, өзара түсіністік пен өзара құрмет жайында ой бөлісті. Іс-шара барысында «Карлаг – тарих беттеріндегі естелік» атты әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.