«Кітап мерекесі: құймақтан батырлық жырларға дейін» әдеби-фольклорлық мереке

25.02.2026 11:25 Администратор библиотеки
«Кітап мерекесі: құймақтан батырлық жырларға дейін» әдеби-фольклорлық мереке

22 ақпанда №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері кең ауқымды оқырман үшін «Кітап мерекесі: құймақтан батырлық жырларға дейін»  атты әдеби-фольклорлық шара ұйымдастырылды. Мереке жылы, достық атмосферада өтті, Масленица дәстүрлері орыс әдебиетінің бай мұрасымен үйлестірілді. Бағдарлама аясында жырлар мен ертегілерді оқу және сахналау, викториналар мен ойындар, халық әндері мен конкурстар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар құймақ дәмін татты. Шараға қатысушылар белсенділік танытып, мәдени мұрамен танысып, шығармашылық қызығушылықтарын көрсетті. Сондай-ақ «Масленица: құймақ классиктердің шығармаларында» атты әдеби шолу ұсынылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР