«Жазушымен бір күн: Жамбыл Жабаев» әдеби қонақжай
20 ақпанда №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жазушымен бір күн: Жамбыл Жабаев» атты әдеби қонақжай өткізді. Кеш ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Жүргізуші ақынның өмірбаянын, ұстазы Сүйінбай Аронұлымен байланысын, айтыстардағы белсенділігін және эпикалық шығармаларын баяндады. Сондай-ақ, ақынның Отан мен халыққа деген махаббатын көрсететін «Ленинградтық өренім» және «Алатау» өлеңдері оқылды.