Күн шуағы – кітап беттерінде

14.07.2026 14:33 Администратор библиотеки
Күн шуағы – кітап беттерінде

«Күн шуағы – кітап беттерінде» атты open-air. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Күн шуағы – кітап беттерінде» атты open-air іс-шарасын өткізді. Кездесу оқырмандардың өміріне жарық пен жылу сыйлайтын Күнге арналды. Балалар «Сиқырлы кітаптың» беттерін бірге парақтап, халық мақал-мәтелдерін еске түсіріп, қызықты жұмбақтардың шешуін тапты. Михаил Пришвин мен Виталий Бианкидің табиғат туралы шығармаларымен танысып, табиғаттың тылсым сырларына үңілді. Іс-шара барысында кішкентай зерттеушілер Күн сәулесінің Жерге қанша уақытта жететінін, фотосинтездің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын білді. Сондай-ақ Корней Чуковскийдің ертегі кейіпкерлерімен бірге Күнді құтқаруға атсалысып, Николай Носовтың шуақты қаласына қызықты саяхат жасады. Танымдық ойындар мен әдеби саяхатқа толы бұл шара балалардың қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР