Ормандағы от манындағы хикая
№13 балалар кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ақылды бөбектер» жобасы аясында «Ботагөз» балабақшасының мектепалды тобының бүлдіршіндеріне «Ормандағы от манындағы хикая» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырды. Шара барысында балалар табиғат әлеміне қызықты сапар шегіп, жабайы жануарлармен танысты. Кішкентай саяхатшылар орман тұрғындары туралы жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, түрлі викториналар мен қимылды ойындарға белсене қатысты. «Бұл кім?» пантомима ойынында балалар жануарларды дыбыссыз қимыл арқылы бейнелеп, тапқырлықтарын көрсетті. «Кім екенін тап», «Бір сөзбен ата», «Бұл қандай құс?», «Кім қайда мекендейді?», «Төлдерін ата», «Орман жұмбақтары», «Мульткейіпкерлер» сияқты ойындарда бүлдіршіндер өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.