Ауған соғысының жолдарымен
№13 балалар кітапхана-филиалы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған «Ауған соғысының жолдарымен» атты патриоттық сағат өткізді. Іс-шара №6 ЖББМ «Ұмытылмас Ауған жолдарымен» музейінде ұйымдастырылды. Шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Патриоттық сағат ерлік пен ұлтжандылыққа тәрбиелейтін мазмұнды кездесу болды. Ауған соғысының ардагерлері — Медянцев Олег Борисович, Жакенов Серік Жавкерович, Калиев Ерхын Хамитович, Абдулов Рамис Харисович - оқушылармен жүздесіп, әскери қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, тарихи оқиғалар туралы құнды мәліметтер алды. Тағылымды шара жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбіт өмірдің қадірін сезінуге ықпал етті.