Қауіпсіз интернет сағаты
№13 балалар кітапхана-филиалында «Қауіпсіз интернет сағаты» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 6 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басында кітапханашы интернеттің заманауи өмірдегі маңызын атап өтіп, оның оқу үдерісіндегі, қарым-қатынас жасаудағы және ақпарат іздеудегі мүмкіндіктеріне тоқталды. Сонымен қатар интернет кеңістігінде кездесетін қауіптер — алаяқтық, кибербуллинг және жалған ақпараттардың таралуы жөнінде түсіндірді. Ақпаратты нақты әрі түсінікті жеткізу мақсатында бейнематериалдар мен өмірден алынған мысалдар көрсетілді. Алынған білімді бекіту үшін оқушыларға түрлі тапсырмалар ұсынылды: алдымен жұмбақтар мен ребустар шешіп, кейін ойын түрінде станциялар бойынша саяхат жасады. Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алып, әсерлі кездесуден жақсы көңіл-күймен тарқасты.