Достық шеңбері: Қазақстан халықтарының тарихы
Е. Бөкетов атындағы ЖББМ 5-сынып оқушылары үшін балалар кітапханасының қызметкері Рухани келісім күніне орай «Достық шеңбері: Қазақстан халықтарының тарихы» атты қарым-қатынас сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар Рухани келісім күнінің шығу тарихы, оның негізгі мақсаттары мен қоғам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, ұлты мен діни сеніміне қарамастан, адамдар арасындағы татулықты, өзара түсіністік пен сыйластықты сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру және алған білімдерін бекіту мақсатында түрлі интерактивті ойындар, тақырыптық викториналар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл тапсырмалар балалардың толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруға, достық пен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Сондай-ақ, оқырмандар назарына «Әдеби дастархан» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара мазмұнды әрі танымды өтті. Кездесу оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани келісім мен халықтар достығының маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.