Еңбек пен шығармашылық мерекесі
Қазақстандағы Еңбек күні қарсаңында №13 балалар кітапхана-филиалы Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушыларына арналған «Еңбек пен шығармашылық мерекесі» атты танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар мерекенің тарихымен танысып, еңбектің әр адамның өмірінде неліктен маңызды рөл атқаратынын талқылады. Іс-шара барысында оқушылар мамандықтарға қатысты жұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, еңбек құралдарын сәйкестендіріп, мамандарды олардың өздеріне тән сөз тіркестері арқылы тапты. Балаларға «Білгірлер мен шеберлер», «Мұны кім айтады?», «Сүйікті кейіпкерлердің мамандықтары», «Әдеби кейіпкерлер» және басқа да викториналар ерекше ұнады. Іс-шара балаларға мамандықтар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, адал еңбектің маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара барлық қатысушылар үшін қызықты, пайдалы әрі есте қаларлықтай өтті.