Оқитын зияткер

23.09.2026 11:43 Администратор библиотеки
Оқитын зияткер

№13 балалар кітапхана-филиалының қызметкерлері Оқушылар сарайының педагогтер ұжымына арнап «Оқитын ұлт» атты әңгімелесу сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерді «Оқитын ұлт» қазақстандық марафонымен таныстырып, оларды марафонға белсенді қатысуға тарту. Қатысушыларға «Оқитын зияткер» және «Оқитын әулет» номинацияларына өтінім беру мүмкіндіктері мен шарттары туралы толық ақпарат беріліп, оқуға ұсынылған әдебиеттер тізімі таныстырылды. Педагогтер бастамаға қызығушылық танытып, отбасылық және кәсіби оқу мәдениетін дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу соңында қатысушылардың бірқатары марафонға тіркеліп, өз мүмкіндіктерін сынап көруге ниет білдірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР