Кітаппен бірге – отбасылық мереке
№13 балалар кітапхана-филиалы Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 3 «А» сынып оқушыларын қарсы алып, Отбасы күніне орай «Кітаппен бірге – отбасылық мереке» атты қарым-қатынас сағатын өткізді.
Кітапхана қызметкері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, кітапхана төрін жылулық пен қуанышқа бөледі. Кездесу барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасына деген сүйіспеншілік пен сыйластықтың мәні туралы айтылды.
Балаларға арнап қызықты байқаулар, викториналар мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін, тапқырлығы мен зеректігін көрсетті.
Іс-шара көңілді әрі танымды өтіп, қызықты сәттерге толы болды. Балалар барлық тапсырмаларға белсенді қатысып, өздерінің қызығушылығы мен ынта-жігерін танытты.