Көптілді Қазақстан

03.09.2026 17:11 Администратор библиотеки
Көптілді Қазақстан

№13 балалар кітапханасының бөлімшесінде Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларына арналған «Көптілді Қазақстан» атты танымдық-интерактивті бағдарлама өтті. 5 қыркүйек – еліміздегі барлық этнос өкілдері үшін ортақ мереке – Қазақстан халықтары тілдерінің күні. Балалар Қазақстанда мекендейтін түрлі этностарды еске түсіріп, қоғамдағы тілдің рөлі жайлы білді және әлемдегі негізгі тілдермен танысты. Олар сипаттамалар арқылы белгілі бір этностарды оңай ажыратып, мақал-мәтелдерді білетіндерін көрсетті, өлең шығарудан өз бақтарын сынап, түрлі ұлттық тағамдарды тапты. Танымдық шара өте қызықты, тартымды әрі мазмұнды өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР