Білім бәйгесі: Кім зерек?

16.07.2026 14:20 Администратор библиотеки
Білім бәйгесі: Кім зерек?

№13 балалар кітапхана-филиалында Оқушылар сарайының жазғы лагерінде демалып жүрген балалардың қатысуымен «Білім бәйгесі: Кім зерек?» атты зияткерлік бағдарлама өтті. Қатысушылар топтарға бөлініп, логикалық тапсырмалар орындап, тапқырлықтары мен білімдерін сынады. Олар қызықты жұмбақтардың шешімін тауып, әндерді сипаттамасы бойынша тапты және сөз тіркестерін дұрыс мағынасына келтіріп, ерекше тапсырмаларды орындады. Жас зияткерлер ұйымшылдық пен шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетіп, кез келген тапсырманы шығармашылықпен шешуге болатынын дәлелдеді. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлап, адамның ең үлкен күші – оның ақыл-парасаты мен білімі екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР