«Біздің әкеміз – ең үздік!»

19.06.2026 14:50 Администратор библиотеки
«Біздің әкеміз – ең үздік!»

Әкелер күні қарсаңында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін №13 балалар кітапхана-филиалының қызметкерлері отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әкелерге деген құрметті арттыруға бағытталған «Біздің әкеміз – ең үздік!» атты қызықты ойын бағдарламасын өткізді. Іс-шара барысында балалар ерекше қызығушылықпен «Әкемнің мамандығы» тапсырмаларын орындап, қызықты жұмбақтардың шешуін тауып, танымдық викторина сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар тапқырлықтары мен білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. «Күштілер», «Автомеханиктер» және «Жүргізуші» атты көңілді эстафеталарда балалар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және зеректігін сынап, әкелеріне тән қасиеттерді көрсетуге тырысты. Сондай-ақ «Зәулім ғимарат» атты командалық ойын мен түрлі байқаулар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсер қалдырды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, соңында балалар барлық әкелерге олардың сүйіспеншілігі, қамқорлығы мен сенімді қолдауы үшін алғыс білдірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР