Кітап.kz: Ел болып оқимыз
№13 балалар кітапхана – филиалында Е. Бөкетов атындағы ЖББМ 6-сынып оқушылары үшін Бір ел – бір кітап акциясы аясында танымдық әрі әсерлі шара ұйымдастырылды. «Кітап.kz: Ел болып оқимыз» атты әдеби қонақжай барысында оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, шығармаларды талқылап, қызықты әдеби ойындар мен викториналарға қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен айтып берді. Әсіресе жазушының қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі саналатын Тағдыр романына ерекше тоқталды. Шығармада халық тағдыры, ел тарихы мен адамгершілік құндылықтар терең суреттеліп, оқырманды ойландыратын маңызды мәселелер қозғалады. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасы — ұлт руханиятының асыл қазынасы. Жазушы өз туындылары арқылы заман келбетін, халықтың тұрмыс-тіршілігін және ұлттық болмысты шынайы бейнелей білді. Іс-шара өте әсерлі өтті — оқушылар кітапханашының Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы мен оның әйгілі «Тағдыр» романы туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. «Кітап.kz: Ел болып оқимыз» атты шара жас оқырмандарды әдебиетке жақындатып, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.