«Ғажайыптар зертханасы» ғылыми-танымдық ойын шоуы

12.03.2026 15:25 Администратор библиотеки
«Ғажайыптар зертханасы» ғылыми-танымдық ойын шоуы

«Ботагөз» бөбекжайының мектепалды даярлық тобында «Ғажайыптар зертханасы» атты қызықты ғылыми-танымдық ойын шоуы ұйымдастырылды. Балаларға қонаққа профессор Колбочкин келіп, оларды тәжірибелер мен қызықты жаңалықтар әлеміне жетеледі. Жас зерттеушілер түрлі тәжірибелерге үлкен қызығушылықпен қатысты. «Түрлі-түсті тыныс» тәжірибесінде балалар түстердің өзгеруін бақылап, таңғажайып құбылыстарды тамашалады. «Үйретілген шар» тәжірибесі ерекше көңілді өтті: шар әртүрлі заттарға жабысып, балалардың шаштарын «билетті». Бұл көрініс барлығын күлкіге бөледі. «Стақандағы жанартау» тәжірибесі балаларды қатты таңғалдырды және оны өздері де жасап көруге ынталандырды. Ал «Золушкаға көмектесейік» ойынында магниттердің көмегімен қызықты тапсырмалар орындалып, ол шағын жарысқа айналды. «Ауаны ұстап көр» тәжірибесі арқылы балалар ауаның көзге көрінбесе де, өте маңызды екенін түсінді. «Көрінбейтін ауа» атты сергіту сәті балаларға қозғалыс пен шаттық сыйлады. Мектепалды топ тәрбиеленушілері өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетіп, әр тәжірибеге белсенді қатысты. Іс-шара соңында кітапханашы алып келген кітаптармен таныстыру өтті. Балалар ғажайыптарды тек зертханада ғана емес, кітап беттерінен де табуға болатынын білді. Шара өте танымдық әрі көңілді өтіп, балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР