Қаламыздың қызықты тұлғалары

28.02.2026 15:58 Администратор библиотеки
Қаламыздың қызықты тұлғалары

Шахтинск қаласының 65 жылдығы қарсаңында №13  балалар кітапхана филиалының қызметкерлері «Қаламыздың қызықты тұлғалары» атты бейнерепортаждар топтамасын қолға алды. Жоба аясында туған өлкеміздің дамуына, құрылысы мен абаттандырылуына сүбелі үлес қосқан азаматтар туралы кеңінен таныстыратын боламыз. Алғашқы шығарылым Шахтинск қаласының талай буын  шәкірттерінің жүрегінен орын алған, математика пәнінің ұстазы Рудольф Дмитриевич Лукинге арналды. Ұстаздың өмір жолы мен педагогикалық қызметі туралы әсерлі естеліктерімен оның жары — Тамара Константиновна Лукина бөлісті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР