Күштілер мамандығы. АҚЖ

27.02.2026 15:21 Администратор библиотеки
Күштілер мамандығы. АҚЖ

«Таңдау уақыты» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Шахтинск қаласындағы №2 әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы базасында Е. Бөкетов атындағы ЖББМ 8-сынып оқушылары үшін «Күштілер мамандығы. АҚЖ» атты экскурсия ұйымдастырылды. Құтқарушылар оқушыларға бөлімшенің құрылу тарихы, болашақ құтқарушыларға қойылатын негізгі талаптар, құтқарушы мамандығының күнделікті қызметі, бұл мамандықты қайда және қалай алуға болатыны, сондай-ақ оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып берді. Экскурсияның ең әсерлі сәті – оқушылардың оқу шахтасына түсуі болды. Оның барысында мектеп оқушылары зор әсер алып, ерекше көңіл күйде қалды. Экскурсия өте танымдық мазмұнда өтіп, бір деммен өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР