Кітапханадағы алғашқы қадамдар
№12 балалар кітапханасы-филиалында «Еркетай» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Кітапханадағы алғашқы қадамдар» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында балалар кітапхана тынысымен танысып, түрлі кітаптар әлеміне саяхат жасады. Экскурсияның мақсаты – бүлдіршіндердің танымдық қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту және кітапты қадірлеуге баулу. Кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітапханаға деген қызығушылықтарын арттырды!