Кітапхана есігін айқара ашады
№12 балалар кітапханасы-филиалында Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның 0-сынып оқушыларына арналған «Кітапхана есігін айқара ашады» атты экскурсия өтті. Экскурсияның мақсаты – балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Экскурсия балаларға ерекше әсер сыйлап, кітаптар мен білімнің ғажайып әлеміне жол ашты!