Жаса мәңгі, Республика менің!
«Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған «Жаса мәңгі, Республика менің!» атты мерекелік ойын бағдарламасы өткізілді. Балалар мемлекеттік рәміздермен, ұлттық дәстүрлермен және еліміздің мәдени мұрасымен танысты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындарына белсене қатысып, ептіліктерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.