Өлкетану – қызықты
№ 6 мектептің 7 «Б» сынып оқушыларына арнап № 12 балалар кітапхана-филиалында «Өлкетану – қызықты!» сайты бойынша қызықты саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Шахтинск қаласының қалыптасу тарихымен таныстырды. Қатысушылар «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Өлкетану» бөлімі бойынша виртуалды саяхат жасады. Әсіресе, «Шахтинск өңірінің тарихы туралы кітаптар», «Өлкетану басылымдары», «Әдеби Шахтинск», «Қалалық газеттің электрондық мұрағаты», «Карлаг», «Шахтинск.kz» бөлімшелеріне және туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін басқа да ресурстарға ерекше назар аударылды.