Кітапхана әлеміне саяхат
№ 12 балалар кітапхана-филиалында № 6 жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушыларына арналған «Кітапхана әлеміне саяхат» атты квест-ойын өтті. Оқушылар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхананың түрлі ақпараттық ресурстарымен танысты және ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын жетілдірді. «Кітап» станциясында қатысушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, кітап сөрелерінен қажетті кітаптарды іздеді және тест сұрақтарына жауап берді. «Анықтамалық» станциясында оқушылар энциклопедиялар мен сөздіктерден қажетті ақпаратты табуды, мерзімді басылымдардан мақалаларды іздеуді үйренді, сондай-ақ кітаптың құрылымына арналған сөзжұмбақты шешті. «Каталогтар» станциясында оқушылар алфавиттік каталог арқылы әдебиеттерді іздеу тәсілдерін меңгеріп, кітапхананың электрондық каталогынан қажетті мәліметтерді табуды үйренді. Квест-ойын оқушылардың кітапхананың мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге, ақпарат іздеу дағдыларын дамытуға және кітапхананың тек кітап сақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар білім мен танымның, жаңалықтар мен жаңа мүмкіндіктердің мекені екеніне көз жеткізуге ықпал етті.