Адалдық – ең дұрыс таңдау!
№12 балалар кітапхана-филиалында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық – ең дұрыс таңдау!» атты адамгершілік сабағы өтті. Іс-шараға «Соник» демалыс және даму орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында балалар адалдық, әділдік, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық туралы әңгімелесті. Тәрбиеленушілер «Адал немесе адал емес?», «Дұрыс әрекет ет», «Шындық немесе өтірік?» ойындарына қатысып, түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, дұрыс таңдау жасауға үйренді.
Балаларға сенімге лайық адамның қасиеттерін атап, «Адалдық ағашын» құрастыру ерекше қызығушылық тудырды. Соңында қатысушылар «Менің адал таңдауым» атты ережелерді құрастырып, адалдық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталатыны туралы қорытынды жасады.