Жасыл жыланмен күрес
Долинка к. №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ жоғары сынып оқушыларымен «Жасыл жыланмен күрес» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында кітапханашы алкогольдің адам денсаулығына, әсіресе жасөспірімдердің әлі қалыптасу үстіндегі ағзасына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға еліміздегі және әлемдегі жан басына шаққандағы алкогольді тұтыну көрсеткіштері жөнінде статистикалық деректер ұсынылды. Әңгіме барысында «жасыл жыланның» әлі де толық қалыптасып үлгермеген жасөспірім ағзасына тигізетін елеулі зияны да кеңінен сөз болды.