Білім кітап сөрелерінде
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері №4 ЖББМ барып, оқушыларға арналған «Білім кітап сөрелерінде» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында жас оқырмандар кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып, кітапқа ұқыпты қарау жолдарын, кітаптың адам өміріндегі маңызын және алғашқы кітаптардың пайда болу тарихын білді. Балалар кітапханаға жазылу тәртібімен танысып, «абонемент» пен «оқу залы» деген ұғымдардың нені білдіретінін, олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінді. Сондай-ақ кітаптарды дұрыс таңдау, кітапхана қорындағы кітаптардың белгілі бір тәртіппен орналастырылатыны, әр кітаптың өз орны бар екені және оқырман қажетті кітапты өздігінен таба алуы үшін сол жерде сақталатыны туралы мағлұмат алды. Шара соңында «Сүйікті ертегілер елі» атты викторина өткізілді, онда оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.