Газеттер мен журналдар – денсаулығыңыздың кепілі

31.01.2026 17:09 Администратор библиотеки
Газеттер мен журналдар – денсаулығыңыздың кепілі

СӨС клубының мүшелері үшін Долинка кентіндегі №11  кітапхана-филиалында «Газеттер мен журналдар – денсаулығыңыздың кепілі» атты денсаулыққа арналған мерзімді басылымдарға шолу ұйымдастырылды. Кітапханашы кітапхана қорына келіп түсетін денсаулық тақырыбындағы журналдарды таныстырды. Қыс мезгілінде вирустық және тұмау тәрізді аурулардың алдын алу мәселесіне арналған мақалаларға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға пайдалы, қызықты мақалалар оқылып, денсаулықты сақтауға қатысты маңызды кеңестер ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар журналдармен өз бетінше танысып, мақалаларды талқылады, сондай-ақ әртүрлі кеңестердің өздеріне қалай көмектескені туралы жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР