Күзгі жапырақтар сыбдыры
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері «Жұлдыз» шағын орталығына барып, бүлдіршіндерге «Күзгі жапырақтар сыбдыры» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Кездесу барысында балалар күз мезгілінің ерекшеліктері мен табиғаттың әсемдігі туралы әңгімелесіп, күзге арналған өлеңдерді тыңдады. Кітапханашы бүлдіршіндерге күз тақырыбындағы кітаптарды таныстырып, олардың мазмұнына қысқаша тоқталды. Сондай-ақ балалар күз туралы жұмбақтарды шешіп, өз білімдерін ортаға салды. Күз айлары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оларға күзгі табиғат жайлы танымдық бейнеролик көрсетілді. Бұдан кейін балалар «Табиғат сыйы» атты ойынға қатысып, «бағбандар», «көкөніс өсірушілер» және «орманшылар» топтарына бөлінді. Ойын барысында олар жемістер мен көкөністерді, орман сыйларын тиісті орындарына қарай ажыратып орналастырды. Іс-шара соңында әр бүлдіршінге боямақтар табыс етіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.