Мен өз елімді сүйемін! Бұл – менің үйім! Бұл – менің туған жерім!
№11 кітапхана-филиалында оқушыларға арнап «Мен өз елімді сүйемін! Бұл – менің үйім! Бұл – менің туған жерім!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға баршамызға ортақ әрі сүйікті Отанымыз – Қазақстан туралы және Қазақстан Республикасы күні мерекесінің маңызы жөнінде әңгімеледі. Қатысушылар туған елімізге арналған «Сөйлемді аяқта» ойынына қатысып, «Кітаптар Отан туралы сыр шертеді» атты әдеби бөлімде еліміздің белгілі жазушыларымен танысты. Сонымен қатар «Қазақстанды білесің бе?» атты викторинаға қатысып, Қазақстан туралы білімдерін тексерді. Кездесу соңында оқушылар өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, еліне ақжарма тілектерін арнады.