Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені
«Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені»
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында 5–6-сынып оқушыларына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» атты рухани-адамгершілік сағаты өткізілді.
Іс-шара өміріміздегі маңызды құндылықтар – бейбітшілік, достық пен келісімге арналды. Оқушыларға Отанымыз, көрікті Қазақстанымыз туралы айтылды. Мұнда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірінің дәстүрлерін құрметтейді және ортақ болашаққа ұмтылады.
Оқушыларға Отан туралы өлеңдер оқылып, «Қазақстанды жайлы білесің бе?» атты викторина ұсынылды. Сондай-ақ қазақ және орыс халықтарының бейбітшілік пен келісім туралы мақал-мәтелдері еске түсірілді.
Кездесу соңында қатысушылар бірлік құрметтен, келісім түсіністіктен, ал бейбітшілік мейірімді жүректен басталады деген қорытындыға келді.