Алақандағы кітапша
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалы жыл сайын өтетін халықаралық «Алақандағы кітапша» акциясына қатысты. Кітапханашы кішкентай оқырмандардың назарына «Чевостикпен бірге балалар энциклопедиялары» сериясындағы кітаптарды ұсынды. Балалар Чевостикпен танысып, кітап беттері арқылы таңғажайып саяхатқа аттанды. Іс-шара барысында балалар жанартаудың атқылауын бақылап, пайдалы қазбаларды іздеушілер рөлінде өздерін сынап көрді. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті. Бүлдіршіндер көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтер алып, танымдық саяхаттан жақсы әсер алды..