Отбасы бірге болса – көңіл де жай!
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында кітап оқитын отбасылар үшін «Отбасы бірге болса – көңіл де жай!» атты қарым-қатынас сағаты ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кітапханашы қазіргі қоғамдағы отбасының маңызы, отбасылық құндылықтар, салт-дәстүрлер және ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгімеледі.
Қатысушылар қызықты байқаулар мен викториналарға белсене қатысып, өз отбасыларындағы дәстүрлерімен бөлісті, сондай-ақ жаңа отбасылық дәстүрлерді ойлап тапты.
Кездесу барысында бүкіл отбасы болып бірге оқуға лайықты кітаптар мен әдеби шығармалар таныстырылды. Қатысушылар ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытып, іс-шара соңында бірнеше кітапты үйде оқуға алып кетті.