Кітап! Спорт! Ойын! Алақай!

18.07.2026 14:37 Администратор библиотеки
Кітап! Спорт! Ойын! Алақай!

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері балалар ойын алаңында жас оқырмандарға арналған «Кітап! Спорт! Ойын! Алақай!» атты библиостадион ұйымдастырды. Жазғы демалыс – балалар үшін сергектікке, жаңа әсерлерге және қызықты оқиғаларға толы ерекше кезең. Кітап – білім мен қиялдың қайнар көзі болса, спорт – денсаулықтың кепілі, ал ойын – достықтың бастауы. Оқу, спорт және ойын бір арнада тоғысқанда, балалардың бос уақыты мазмұнды да көңілді өтеді. Осындай шаралар олардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді демалуға баулиды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР