Толеранттылық неден тұрады

17.07.2026 14:45 Администратор библиотеки
Толеранттылық неден тұрады

№11 кітапхана-филиалында мектеп оқушыларына арналған «Толеранттылық неден тұрады?» атты тағылымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар толеранттылық ұғымының мәні мен маңызы туралы мағлұмат алды. Кітапханашы толеранттылық – адамдарды құрметтеу, олардың пікіріне түсіністікпен қарау, мейірімділік таныту, сабырлылық пен жанашырлық көрсету, сондай-ақ бір-бірімен татулықта өмір сүре білу екенін түсіндірді. Қатысушылар күнделікті өмірде толеранттылық танытудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Іс-шара оқушыларды өзара сыйластыққа, достыққа және адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР