Өлкетану – сөз өнерінде

01.07.2026 17:37 Администратор библиотеки
Өлкетану – сөз өнерінде


«Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне туған өлкенің ақын-жазушыларының шығармашылығына арналған «Өлкетану – сөз өнерінде» атты тарихи круиз өткізілді. Іс-шара барысында балалар туған өлкенің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және табиғатын көркем суреттеген ақын-жазушылардың шығармаларымен танысты. Қатысушылар туған жер туралы әдеби туындыларды талқылап, Қазақстанның қалалары жайлы жазылған шығармалар жөнінде өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында әрбір тәрбиеленуші өздері барып көрген ең сүйікті орындары туралы қызықты әңгімелеп, алған әсерлерімен бөлісті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР