Балалық шақ қайда мекендейді?
№11 кітапхана-филиалының қызметкерлері Долинка кентінің Мәдениет үйімен бірлесіп, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған «Балалық шақ қайда мекендейді?» атты спорттық мереке өткізді. Балаларды ертегі кейіпкерлері – Күншуақ Сәулесі, Жаз ханшайымы, Кикимора, Баба Яга және Тимошка мысығы қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар мен түрлі сайыстарға қатысуға көмектесті. Барлық жарыстар достық пен ынтымақтастық рухында өтіп, соңында достық жеңді. Мереке ән мен биге ұласып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі бұл күнді қуанышқа, жылылыққа және шынайы бақытқа бөледі.