Еске алу митингі

02.06.2026 11:52 Администратор библиотеки
Еске алу митингі

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кітапхана қызметкерлері Карлаг музейінің келушілері үшін еске алу митингін өткізді. Іс-шара барысында ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргіннің қасіретті кезеңдері, оның халық тағдырына тигізген ауыр зардаптары туралы кеңінен әңгімеленді. Митингтің мақсаты – жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған және жер аударылған азаматтардың жарқын бейнесін ұрпақ жадында сақтау, тарихи әділеттілікті дәріптеу және мұндай қайғылы оқиғалардың енді ешқашан қайталанбауына үндеу болды. Тоталитарлық жүйенің құрбандарын еске алған қатысушылар бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, музей аумағындағы ескерткіш стелаға гүл шоқтарын қойды. Іс-шара өткен тарихқа тағзым жасап, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге мүмкіндік берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР