Кітап – сенің көмекшің әрі досың!
№11 кітапхана-филиалында 4–5 сынып оқушыларына арналған «Кітап – сенің көмекшің әрі досың!» атты әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылып, оның әрқашан сенімді дос әрі көмекші бола алатыны түсіндірілді. Өйткені кітаптан кез келген сұраққа жауап табуға, жақын адамдардан сұрауға ыңғайсыз болатын көптеген мәліметтерді білуге болады. Сонымен қатар, кітаптың білім сапасын арттырып, оқуға деген қызығушылықты күшейтудегі рөлі ерекше екені атап өтілді. Балалар кітап арқылы бос уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге болатынын білді. Шара соңында кітапханашы оқушыларға демалыс уақытында оқуға арналған қызықты көркем шығармаларды ұсынып, кітап оқуға шақырды.