Компьютерлік сауаттылық күні: компьютермен дос болайық

26.05.2026 17:26 Администратор библиотеки
Компьютерлік сауаттылық күні: компьютермен дос болайық

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында СӨС клубы мүшелеріне арналған «Компьютерлік сауаттылық күні: компьютермен дос болайық» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталып, қатысушыларға заманауи техниканы еркін қолдануға көмектесті. Кездесу барысында қонақтар компьютермен жұмыс істеудің негізгі қадамдарымен танысты: тінтуірді пайдалану, мәтінмен жұмыс жасау, интернеттен қажетті ақпаратты іздеу тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, интернет-алаяқтардан қорғану және құпиясөздерді дұрыс сақтау жолдары түсіндірілді. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық тапсырмалар арқылы олар компьютерді қолдану қиын емес екенін түсініп, жаңа білім мен пайдалы дағдыларға ие болды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР