Мейірімді жүректер ойындары

10.02.2026 14:11 Администратор библиотеки
Мейірімді жүректер ойындары

10 ақпанда орталық қалалық кітапханада «Баршаға және әрқайсысына арналған кітапхана» клубының қатысушылары үшін «Мейірімді жүректер ойындары» атты интерактивті іс-шара өтті. Кездесудің мақсаты – клуб қатысушыларында мейірімділік, достық және өзара көмек туралы түсінік қалыптастыру. Іс-шараның басында балалар мейірімділік туралы жұмбақтың шешуін тауып, қандай әрекеттерді жақсы іс деп атауға болатынын талқылады. Одан кейін қатысушылар бейнероликтер мен мультфильмдер тамашалап, «Төртіншісі артық» және «Дыбыс арқылы жануарды тап» ойындарын ойнады. «Помогатор» әніне музыкалық сергіту жасап, «Егер сен мейірімді болсаң» караокесін орындады. Іс-шара соңында «Жақсылықтар себеті» атты шығармашылық тапсырма орындалды. Балалар жүрекшелерге жақсы істерді жазып немесе сурет салып, себетке салды. Кездесу достыққа толы, жылы атмосферада өтіп, клуб қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР