«Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ» танымдық сағат
27 қаңтар күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасының оқу залының қызметкерлері Тәуелсіздік күніне 35 жыл толуына орай және Білім мен ғылым жылы тақырыбы аясында С.Асфендияров атындағы ЖББМ 9-сынып оқушыларымен танымдық сағатын өткізді.
Іс-шарада оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталды. Желтоқсан көтерілісінің сипатын көрсете отырып, Желтоқсан құрбандарын есте алды және де Президент Жолдауында жарияланған Білім мен ғылым жылы аясында сөз қозғалды.
Мектеп оқушыларын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беруде түрлі видеороликтер назарларына ұсынылды, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеуде сарбаздар тарапынан тақырыпқа сәйкем мәнерлеп оқулар мен ойларын ортаға салды. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеуде бұл шараның орыны ерекше. Тәуелсіздік бастауы – ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екеніне көз жеткізілді.