Кітап па, әлде экран ба? XXI ғасырдағы саналы оқу
11 қыркүйек күні Шахтинск орталық қалалық кітапханасының қызметкері С. Асфендияров атындағы мектептің оқушыларымен «КіtapTime-2026» республикалық фестивалі аясында оқушыларға қазіргі кездегі оқу форматтары туралы дискуссия өткізді. Онда қағаз кітап, электронды кітап және аудиокітаптың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды.
«Кітап па, әлде экран ба?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. «Мен қалай оқимын?», «Факт немесе пікір?», «Оқы – түсін - тексер» атты интерактивті тапсырмалар арқылы оқудың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Қатысушылар смартфонның оқу барысындағы мүмкіндіктері мен оның оқу кезінде алаңдатуы мүмкін факторлар туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар ақпараттың сенімділігін тексеру, негізгі ойды анықтау, дереккөзді бағалау және ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар өздерінің кітап оқу тәжірибелерімен бөлісіп, қағаз және электронды кітаптардың өздеріне қолайлы жақтарын атап өтті.
Қатысушылардың пікірінше, оқу форматы әртүрлі болғанымен, ең бастысы — мәтінді түсініп оқу, қажетті ақпаратты саралау және алған білімді дұрыс пайдалану.
Қатысушылар оқу мәдениеті, заманауи оқу форматтары және ақпаратты саналы түрде қабылдау туралы пайдалы мәліметтер алды. Пікірталас барысында белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.