Қазақ отбасы: салт-дәстүр және заманауилық

10.09.2026 14:23 Администратор библиотеки
Қазақ отбасы: салт-дәстүр және заманауилық

10 қыркүйек күні Шахтинск орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен 13 қыркүйек Қазақстанда отбасы күні мерекесінің тойлануына орай отбасының ұлттық құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру мақсатында интерактив өткізді.
Шара алдында қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру және ұлттық дәстүрлер мен заманауи отбасы құндылықтарының байланысын талқылау болды. Қатысушылардың интерактивті ойындар мен пікірталастарға белсенді қатысты.
Іс-шара барысында қазақ отбасының қоғамдағы маңызы, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері түсіндіріліп, олардың тәрбиелік мәні айтылды.
Іс-шараның интерактивті бөлімінде қатысушылар «Дәстүрді таны», «Дәстүр ме, заманауилық па?», «Қазақ отбасының 5 құндылығы» сияқты тапсырмаларға қатысты.
Пікірталас барысында дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заман талаптарына сай отбасылық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР