Оқудың заманауи форматтары: электронды кітаптар, мақалалар, аудиокітаптар
Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «Оқудың заманауи форматтары: электронды кітаптар, мақалалар, аудиокітаптар» атты сабақ-әңгіме өтті. Кездесу барысында оқушылар қазіргі заманғы оқу форматтарымен танысты:
- электронды кітаптардың мүмкіндіктері;
- пайдалы әрі сенімді мақалаларды іздеу жолдары;
- аудиокітаптардың ерекшеліктері мен артықшылықтары.
Кездесудің басты қорытындысы: оқудың бір ғана мінсіз форматы жоқ. Ең бастысы — кітап оқуға деген қызығушылық пен ақпаратты саналы түрде қабылдау!