Танысайық!

08.09.2026 17:31 Администратор библиотеки
Танысайық!

8 қыркүйенк күні «Жаңа белес – жаңа мақсаттар» атты жастар клубының жаңа құрамының мотивациялық кездесу жиналысы өтті.
Іс-шара барысында жетекші қатысушыларды қарсы алып, жаңа жастар клубының негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Клубтың жастар үшін білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, жаңа адамдармен танысуға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашық алаң екені атап өтілді.
Қатысушылар арасында танысуға арналған «Танысайық!» интерактивті ойыны өткізілді. Жастар өз есімдерімен таныстырып, қызығушылықтары мен хоббилері туралы айтып өтті.
«Жастар клубы қандай болуы керек?» атты интерактив барысында қатысушылар клуб жұмысына қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ «Менің жаңа белесім» шығармашылық тапсырмасы ұйымдастырылып, жастар алдағы мақсаттары мен армандарын стикерлерге жазып, арнайы «Мақсаттар тақтасына» орналастырды.
«Идеялар алаңы» бөлімінде қатысушылар алдағы уақытта клуб аясында өткізілетін іс-шаралар мен жобаларға өз ұсыныстарын білдірді. Жастар тарапынан өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
Кеш барысында көңілді интерактивтер ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Іс-шара жастардың қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған жаңа орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Жастар клубы өз жұмысын бастап, алдағы уақытта жастардың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыруға арналған тұрақты алаң ретінде жұмыс жүргізетін болады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР