Тіл бірлігі – ел бірлігі
4 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шара барысында жүргізуші қатысушыларды мерекенің маңызымен таныстырып, тілдің халық мәдениеті мен рухани мұрасындағы орны туралы айтып өтті. Интеллектуалды ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Тіл білгірі» – тіл туралы жалпы білімді тексеретін сұрақтар, «Тілдер әлеміне саяхат» – әлем тілдеріндегі амандасу сөздерін анықтау, «Сөз құра» – берілген сөздің әріптерінен жаңа сөздер құрастыру, «Мақалды тап» – тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру, «Артық сөзді тап» – логикалық тапсырмалар, «Ыммен түсіндір» – сөздерді қимыл арқылы табу, «Ойлан, тап!» – логикалық және танымдық сұрақтар, «Қазақстан – ортақ шаңырақ» – Қазақстандағы тілдер мен мәдени әралуандық туралы сұрақтар, «Блиц» – жылдам сұрақтар кезеңі. Сарбаздар барлық кезеңдерге белсенді қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлығы мен шапшаңдығын көрсетті. Ойын барысында топтық жұмыс, өзара пікір алмасу және достық қарым-қатынас қалыптасты. Іс-шара соңында командалардың жинаған ұпайлары есептеліп, жеңімпаздар анықталды. Белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.
Интеллектуалды ойыны қатысушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ана тілін құрметтеу, өзге тілдерге сыйластықпен қарау және көптілділік құндылығын түсінуге мүмкіндік берді.