Сүйікті қалам
Биыл туған қаламыз Шахтинскке 65 жыл толуына орай Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада әскери қызметшілер мен сарбаздарға арналған көңілді конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, тапқырлығын және жылдам реакциясын сынап, түрлі қызықты сайыстарға белсенді қатысты.
Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен жарысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Әр сайыс достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйге толы болды.
Туған жерді сүю – оның тарихын құрметтеуден басталады!
Шахтинск қаламыздың 65 жылдығы құтты болсын!
Қаламыз көркейіп, дами берсін!