Виртуалды хайуанаттар бағы
Орталық қалалық кітапханада қызықты «Виртуалды хайуанаттар бағы» ойын-экскурсиясы өтті. Қатысушылар табиғат пен жануарлар әлеміне виртуалды саяхат жасап, жер шарының әртүрлі аймақтарында мекендейтін таңғажайып жануарлармен танысты, олардың тіршілігі мен ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер алды. Экскурсия барысында танымдық ойындар, викториналар мен түрлі тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынап, жаңа ақпараттармен толықтырды. Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, табиғат пен жануарларды қорғаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.