Кітаппен демалыс
21 тамыз күні қалалық саябақта орталық қалалық кітапхананың оқу залы қызметкері «Кітаппен демалыс» атты ашық микрофонын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды кітап оқудың маңыздылығы мен рухани дамуға әсері туралы айтып, жазғы демалысты кітаппен тиімді өткізуге шақырды.
Ашық микрофон форматында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, кітаптың мазмұны, басты кейіпкерлері және өздеріне қалдырған әсерімен бөлісті.
Іс-шара барысында «Мен ұсынатын кітап», «Кітапты таны», «Бір минут – бір кітап», «Кітаптан бір сөйлем», «Менің жазғы оқуым» атты қызықты ойындар мен тапсырмалар өткізілді.
Қатысушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, бір-біріне кітап оқуға ұсыныстар жасады. Кітапханашы кітапхана қорындағы көркем әдебиеттерді таныстырып, оқырмандарға қызығушылықтарына сәйкес кітаптар ұсынды.
«Кітаппен демалыс» ашық микрофоны қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушылар кітап оқуды жазғы демалыстың пайдалы әрі қызықты бөлігіне айналдыруға шақырылды.