VR әлеміндегі жазғы оқиғалар
Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «VR әлеміндегі жазғы оқиғалар» атты ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. Қатысушылар виртуалды шындық әлеміне саяхат жасап, қызықты ойын тапсырмаларын орындап, ептіліктерін, зейіндерін, жылдамдықтары мен тапқырлықтарын сынады. Заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, әрқайсысы ерекше әсер мен ұмытылмас эмоцияға бөленді. Іс-шара достық әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушылардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік берді. Осындай бағдарламалар кітапхананың тек кітап оқу орны ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялармен танысып, пайдалы уақыт өткізетін заманауи мәдени-танымдық орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.